» » » Мақтаралым мақтанышым

 
 
 

Мақтаралым мақтанышым

Автор: admin от 16-02-2017, 10:58, посмотрело: 2352

0

 Мырзашөл атанған, бұ­рынырақ Бетпақдала деген атаумен белгілі болған бұл ай­мақ­тың тарихы әлі де ден қойып зерттеуді керек етеді, – дейді әкім. – Мырзашөлді суландыру, бай­лығын пайдалану жұмысы пат­шалық Ресейдің өзін қы­зықтырғанын тарих беттерінен ұш­ыратып жатырмыз. Мәселен, Түркістан генерал-губернаторы 1911-1913 жылдары Мырзашөл көшпелі қазақтарының ша­руа­шылық және жер пайдалану жағ­­дайына зерттеу жүргізіпті. Шөл даланы суландырудың жү­йе­сі жасалған. Соның нәти­же­сінде 1914 жылы Солтүстік Р­о­манов каналы қазылған. Ал 1917 жылдан бастап осы канал Солтүстік Голодностеп деп ата­лын­ды. 1918 жылы 17 мамырда Түр­кістан өлкесінде суландыру жұ­мыстарын жүргізу туралы атақты Лениндік декретке қол қо­йылып, 50 мың рубль бөлінді. 1920 жылы 24 желтоқсанда РСФСР Халық Комиссарлары Советінің "Орта Азия респуб­ли­ка­ларындағы мақта өндірісін қай­та қалпына келтіру жө­ніндегі” декреті шықты. 1921 жылы Түркістан су ша­руа­шы­лығы басқармасы Голодностеп ирригациялық жүйелер ба­с­қармасын ашты. 3800 гектарға дейін мақта егілді.
Ал 1928 жылы қаңтарда Сырдария округінің құрамында бол­ған Иіржар болысы тара­ты­лып, соның негізінде Иіржар ауданы құрылған.
Арада екі жыл өткен соң Иір­жар Мақтаарал ауданы бо­лып өзгертілді.
Байтақ Қазақстанға мақта да­қылы арқылы әйгілі болған Мақтаарал ауданының қысқаша түйіп айтқанда тарихы осы.
Ел болған соң ішінде ерлер бо­лады. Жапандағы қу далаға үл­кен тіршілік әкеліп, тамырына нәр берген мырзашөлдіктердің арасынан озат шаруашылықтар асқақтап шыға бастады. Атап айтқанда, С.Орлов, Ш.Діл­да­беков, Ш.Тұрғынбаев, О.Ал­дыбаев­тар Социалистік Еңбек Ері атанып, кеуделеріне Алтын Жұлдыз тақса, Ж.Ералиев Одақтың депутаты болды. Қ.Патсаев, Б.Батманов, С. Жәш­таев, З.Ахметов, О.Нұрым­бетов, А.Қалыбеков, А.И.Мол­чанов сияқты азаматтар Ота­нымыз­дың жоғары наг­ра­даларына ие болды. Тарих бір адамның қолымен жасалмайды. Шөл даланы берері мол мырза атандырған, осы күнге жеткізген аталарымыз бен апаларымызға бүгінгі мақтааралдықтар атынан басымызды иіп, рахмет айтқан болар едік. Қалай дегенде де, Қазақстанда Мақтаарал ауда­н­ы­ның жөні де, жосығы да бөлек. Ел­басымыз Оңтүстікке келген са­парында мұны айрықша атап та көрсетті.
– Елдің тұрмысы жақсарған сайын мемлекеттің абыройы, беделі көтеріледі. Осы қисынға салсақ, кешегі кеңестік дәуірді бы­лай қоя беріп, еліміз тәуел­сіз­дік алғаннан бергі халықтың өмір сүру деңгейін сараптап көр­діңіздер ме? Міне, сексен жы­л­дық той өткелі жатыр, мақта­арал­дықтар тәуелсіздіктің тағы­лымын жанымен ұғу арқылы әл-ауқатын көтеруі жолында қандай жетістіктерге жетті?


Мақтаралым мақтанышым


– Сауалыңыз орынды. Ел іші болған соң ішінде аласы да, құласы да болады. Кейбір ойы бұзықтар Қазақстандағы жаса­лып жатқан игіліктерден сабақ­ты жіп құрлы жақсылық көр­мей, аттанға ойбай қосып жатады. Құдды, өзі Қазақстаннан тысқары тұратындай қара бояу жағады. Басылым беттерінде даурығады. Ондайлар бізде де бар. Бір ауылдық округінде өткен есеп беру жиы­нын­да сауал қоюшылардың қатарында күн­көрісіміз төмен, үкіметтен жәрдем аз дегенді айтып қалғандар болды. Сонда жасы сексенге келген қария ортаға шығып, аталы сөзін айтқаны жадымда қалып қойды.
"Мына Өзбекстанмен арамызды екі шақырым жер бөліп жатыр, – деді ақсақал. – Біздің бір мұға­лім­нің жалақысын онда 7 мұғалім алады. Бір дәрігеріміздің айлық жа­лақысына Өзбекстанда 8 дәрігер күн көріп отыр. Мақтааралдағы бір қарттың зейнет­ақысындай ақшаны Өзбекстанда 8 қартқа бөліп береді. Күні кеше мүйізі қарағайдай осы мемлекеттің тұрғындары жағдай­ла­ры осындай бола тұра, Отаны жө­нінде ғайбат сөз айтпайды. Үкімет аз көмектеседі деген сөз сөз бе, ен­дігі қалғаны жұмыс істегісі кел­ме­ген­д­ердің аузына шалқалатып қойып ас салу ма?”.
Ақсақал қызынып сөйлегені­мен, сөздің расын айтты. Тәуел­сіздік алған алғашқы жылдардағы дағ­дарыстардан кейін Қазақстан әлем­дік дамуда өз сара жолын тап­ты. Осы ақиқатты сезіну үшін өзі­міз­дің ауданда сараптама жүргізіп көрдік. Нәтижесі таңқаларлықтай.
Сөзіміз жалаң болмасын, нақты фактілерге сөз берейік. 2030 жылға дейінгі Даму стра­тегия­сын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Сексеннің асуына шы­­ғып отырған ауданымыз ірілен­геннен кейінгі соңғы 10 жыл көлемінде ірі-ірі айтулы табыстарға қол жеткізді. Әлеуметтік салаға бюджеттен қаржы бөлу жылдан жылға арта түсуде. Мәселен, 1998 жылы білім беру саласына небәрі 591 млн. қарастырылса, биыл оның көлемі 9 есеге өсіп, 5,3 млрд. тең­геге жетті. Медицина саласына сол кезде 93 млн. бөлінсе, қазір оның кө­лемі 14 есеге өсіп, 1,3 млрд. тең­геге жетті. Ауданда тұрғын үй салу 25 есеге өскен. Осыдан 10 жыл бұ­рын ауданда 5500 адам жеңіл кө­лікті иеленсе, қазір олардың қатары 17800-ге жетті. Есептеп қарасақ, әрбір 8 үйге 1 жеңіл көліктен келеді екен. Телефон қызметі жақсара түсуде. Бұдан 10 жыл бұрын 4500 үйде телефон нүктесі болса, қазіргі кезде абоненттер саны 14800-ге иек артып отыр. Ауданымызда әрбір 3 үй сайын 1 телефон нүктесінен келеді екен. Табиғи газ тұтыну­шы­лар 7000 абоненттен 14000 або­нент­ке жетіп отыр. Ауыз су проблемасы бір­тіндеп шешімін табуда. 2002 жылға дейін ауыз су құбырларын жөндеуге бір тиын да қаржы бөлін­бей келсе, одан бері әр жыл сайын 500-700 млн. теңге қаржы бөлінуде. Абай-Қоғалы тұщы су торабының құрылысы келесі жылы пайда­лану­ға беріледі. Осы су жүйесі бо­йын­дағы 28 елді мекен тұщы сумен қамтамасыз етілгелі отыр. Жетісай, Мырзакент, Атакент, Асықата кент­­терінде ауыз су жүйелері жаңар­­тылып, жөндеуден өткізіледі. Асықата кентіне Атакент арқылы тұщы су жеткізілгелі отыр. Ауыл жол­дарын жөндеу жақсара түсуде. Бұрынғыға қарағанда жол жөндеуге 15 есеге дейін көп қаржы бөлініп отыр. Міне, мұның бәрі соңғы 10 жыл бедерінде қол жеткен жетіс­тік­тері­­міздің бір парасы деп ай­туымызға болады.
2006 жылмен салыстырғанда аудандағы зейнеткерлер саны 732-ге артып, бүгінгі күні ауда­нымыз­дағы 16876 зейнеткерлерге ай сайын 92 млрд. 242 млн. 565 мың теңге (1998 жылы 16743 зей­нет­керге 559 млн. 650 мың теңге), 11 683 мемлекеттік жәрдемақы алушыға 157 млрд. 50 млн. 964 мың теңге, 27184 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыға 95 млрд. 644 млн. 316 мың теңге, 6217 балаларға жәрдемақы алушыларға 79 млрд. 376 млн. 125 мың теңге, 16876 зейнеткерге өсе түскен зейнетақы, яғни барлығы – 592 млрд. 296 млн. 963 мың теңге төленуде. Еңбекақы, зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек уақтылы төленуде.
Ауданның жолаушылар тасы­мал­дайтын автокөлік кәсіп­орын­дары соғыс ардагерлерін ауда­н­іші­лік маршруттарда тегін тасы­мал­дай­ды. Сондай-ақ қала мен кент­тер­де тұратын соғыс ардагерлеріне бек­ітілген тізім бойынша монша, шаш­тараздарда тегін қызмет көрсетеді.
Қысқаша таратқанда, он жылда осындай жақсылықтарға кенеліппіз. Мұны экономикалық даму тіліне салсақ, қарыштап өсу дейтін шы­ғар. Қиындық болмай тұрмай­ды, сондай кезеңдерде ел берекесін қа­шыр­май сабырмен өткізе алсақ, ал­дағы жылдардан жақсылық күтіп өскен халықпыз ғой, алла берекесін берер...
– Қиындық дегеннен шығады. "Егемен Қазақстан” газетінің бас­шысы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен барғанда облыс әкімі биылғы құрғақшылықтың ауыл шарушылығына орасан зиян шек­тір­генін айтқан екен. Астықтың гек­та­ры небәрі 4,6 центнерден айналған. Бір­талай дақылдарды күн жеп, ди­қан­дардың жүрегін шайқап-ақ тастаған.
Мақтаарал ауданының күн кө­рісі негізінен мақта. Талай аға­йын­ның қозасын шөлдетіп, қабарып жүр­генін көзіміз көрді. "Жығылған үстіне жұ­дырық” дегендей, қайсы­бір жылы аузы күйіп қалған же­ке меншік мақта за­уыттары бағаны көтергісі келмейді. Ел­басы мақта-мата кластеріне ма­ңыз береміз, жаңа кәсіпорындар са­лы­нады деп еді, қазіргі ахуал­дарыңыз нешік?
– Дүниежүзілік қаржы дағ­дарысы, қиын кезде қос өкпеден қыс­қан қымбатшылық Мақ­та­аралды айналып өтіп кетті деп айта алмаймыз. Елбасы сенім білдіріп, облыс басшысы ауданға әкім етіп тағайындағаннан кейін осы хал­ықтың табанына кірген шөгір маң­дайымызға қадалсын деп жүр­ген ел қызметшісіміз.
Диқанның дәулеті артса, аудан­ның да ырыздығы. Бірақ, биылғы жылдың ауыр тигені рас. Бізді бір сақтағаны, көктемнің алғашқы айларында жерімізді толық сулан­дырып алдық. Мақтаның күйіп кетпеуіне әсері зор болды.
"Достық” магистралдық ка­на­лының ұзындығы 113 шақырым бол­са, Қазақстан жағына соның 49 ша­қырымы тиеді. Қырғызстан, Тә­жікстан және Өзбекстан мем­ле­кеттері арқылы келетін ағын су Мақ­таарал ауданының 136 мың гек­тар жерін суландырады. "Судың ая­ғында отырғандар у ішеді” де­гендей, көрші мемлекеттердің Қа­зақ­станға тиесілі суын орта жолдан бұрып алу әрекеттері байқалған. Елбасының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Шөкеев, Су ресурстары ко­ми­те­тінің төрағасы А.Рябцев бастаған ко­миссия еліміздің пайдасына зор жұмыс атқарды.
Елбасы жолдауларында шағын кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән бе­ріледі. Аудан халқы – еңбекқор, жер қадірін жақсы біледі. Ұсақ ша­руа­шылықтарды біріктірудің пай­даға шығатындығын да біліп қалды.
Өнеркәсіп саласы бойынша 2007 жылдың қаңтар айында "Мақ­та келісім-шарт кор­по­ра­циясы” мақта тазалау зауыты іске қосылды. Алдағы үш жылдың аралығында өнеркәсіп саласы бойынша Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы республикалық бюджет есебінен 2008 жылдан бастап Мақтаарал ауылдық округіндегі "Мақта келісім-шарт корпорация­сы” мақта зауыты маңынан 2,5 гектар жерге тұқымдық шит дайындау зауытын салуға жалпы 1,6 млрд. теңге қа­ралып, 2008 жылы осы қар­жының 760,7 мың теңгесі игерілді. Ал қал­ған 827,5 млн. теңгесі 2009 жылдың қа­раша айына толық игеріліп, пай­далануға берілмек. Сонымен қатар осы зауыт маңынан 20 га жерге мақта майын өңдейтін зауыттың құры­лысы да басталып, 2012 жылы іске қосылады деген жоспарымыз бар. Осы екі зауыттың құрылысы бітіп, жұмысын бастаса, ауда­ны­мыз­да 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған болар еді.
– Ең үлкен салалар, атап айтқанда, білім беру мен денсаулық сақтау салалары бойынша атқары­лып жатқан жұмыстарды бір жүл­гелеу мерейтойы тойланғалы жатқан ау­данның қуатын танытпақ. Не тын­ды­рылды, алдағы жоспар қандай?
– Биылғы жылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, компьютерлер алуға 500 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 10 мультимедиялық ка­бинетке 22,3 млн. теңге, физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтауға жергілікті бюджеттен 13,7 млн. теңге, мек­теп­терді ағым­дағы жөндеуден өткізу үш­ін 7,6 млн. теңге, оқу­шы­лардың жазғы сауықтыру лагеріне 4 млн. теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылы өткізілген ұлттық бірыңғай тес­тілеудің нәтижесін өткен жылмен салыстырғанда 7,59 баллға төмен бол­ды. Атап айтар болсақ, 2005 жылы орташа балл 57,1 болған болса, 2006 жылы 59,1 балл, 2007 жылы 71,78 балл, 2008 жылы 64,19 балл болып отыр.
Алайда, жалпы көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда төмен болғанымен, аудандар ара­сында ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындысы бойынша біздің аудан бірінші рет жоғары нәтижеге қол жеткізіп, облыста бесінші орынға көтерілді.
Үш жылдың ішінде 2 балабақша коммуналдық меншікке қайта­ры­лып, пайдалануға берілді. Жылы су ауылдық округінде 350 орындық №115 орта мектебі, Қарақай ауыл­дық округіндегі 350 орындық Ә.Молдағұлова атындағы орта мек­тебі, Атамекен ауылдық округіндегі 350 орындық Мырзашөл орта мектебі, яғни үш мектеп жаңадан салынып, оқушылар білім алуда. Сонымен қатар қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы "100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында Асықата кентінде 1200 орындық, Мырзакентте 1200 орындық, Жетісай қаласында 1200 орындық, Қызылқұм ауылдық округінде 900 орындық, сондай-ақ бұдан басқа Жетісай қаласынан 1176 орындық, Қарақай ауылдық округіндегі М.Мәметова атындағы 350 орын­дық, Жылысу ауылдық окру­гінде 350 орындық С.Сейфуллин атын­дағы жаңа мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Жылысудағы С.Сей­фуллин мен Жетісай қала­сындағы 1176 орындық мектептер ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аудан тұрғындарына дәрігерлік көмектер орталық аурухана, 3 аудандық, аумақтық аурухана, өкпе-құрт аурулары және тері-венерологиялық диспансерлері, 31 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 75 ФАП, 14 фельдшерлік пункт­тер­де қызмет ететін 422 дәрігер мен 1397 орта буын мейірбикелер қызмет көрсетіп келеді. Көп жыл­дардан бері құрылысы жүргізіліп келе жатқан орталық аурухана үстіміздегі жылдың қараша айында бітіп, пайдалануға бе­рілмек. Сондай-ақ респуб­ли­калық бюджет есебінен 2009-2011 жылдар ара­лығында Қарақай, Жаңаауыл ауыл­дарындағы дәрі­гер­лік емха­на­лардың құрылысы және Жаңадала, Дихан, Қызылту ауыл­дарындағы дәрігерлік емхана­лардың құры­лысын жүргізу орта мерзімді даму бағдар­ла­маларына енгізілген. Облыстық бюджеттен Жаңадала емханасы мен Асықата өңірі бойынша 23 ауылдың мед­пункт­тері құр­ы­лы­сы­ның жоба­сы, Атақоныс отбасылық емх­анасы мен Жетісай өңірі бойынша 15 ауылдық мед­пункттері құры­лысының жо­басы орта мерзімдік даму бағ­дар­ламасына енгізіліп отыр.
Әңгімеңізге рахмет!
 
Алып аурухана, шаруасы шалқыған шипажай
 
Жетісай қаласындағы орталық аурухананың қашаннан салына бастағаны көбінің жадынан шығып та қалған. Кемінде жиырма жыл тұ­рып, жаңадан пайдалануға бе­рілгелі жатқан ауруханаға бет ал­ғаны­мызда, көліктің тізгінін ұстап отыр­ған дәрігер-провизор Жәнібек Тойшыбеков 1984 жылы бас­талып, 1991 жылы жартылай іске қосылды деп қалды. Оның ай­ту­ынша, ішінде өзі бар дәрігерлер қауымы көшіп-ақ қонған, бірақ жылу жүйесі жақсы жұмыс істемегендіктен, сол жылы бәрі тастап шығыпты. Әрі қарай тоқырау кезеңі, сосын оңтайсыз жекешелендіру басталды.
Айтып айтпай не керек, құ­ры­лысына тегін материал іздеген ағайын құмырсқадай қаптап, үптеп кет­кен.
Тоқсаныншы жылдардың ая­ғын­да кірпіші кетілсе де, сүйегі бүтін аурухананы қайта салу идея­сы көтерілді де, Астанадан мәр­те­белі қонақтар әлденеше рет келіп, жа­ғдайымен танысты. Жетісай­лық­тар бүгінде атты кісі түсіп қарай­тын­дай емдеу орнының пайд­а­ла­нуға берілуінде бұрынғы Премьер-Ми­нистр Даниал Ахметовтің зор еңбегі бар дегенді айтады. Онысы рас еді.
Өзіміз де куә болғанбыз. Ор­тасына бомба түскендей айра-жай­ра­сы шығып жатқан аурухананың сырт жағынан келген, мәселе ше­шетін астаналықтар сүйріктей туфлилеріне шаң жұқтырудан қорынып, тепсеңдеу жерде иіріліп тұрғанда, Даниал Ахметов қызыл кірпіштің үйіндісімен милығып жатқан топырақты қызыл асықтан кешіп, әр жағындағы жапсарлас ғимаратқа тартқан. Сүйегі берік кірпіш іріп тұр. Жаңадан салу керек деді Ахметов. Қапталдасып жүр­ген аудан әкімі Омарбек Нұр­жанов ыңғайлы уақытты құр жі­бермеді. Халықтың саны жыл са­йын 7-8 мыңға көбейіп отырған өсім­тал ауданға бұл аурухананың тар­лық қылатындығын айтып, қо­сымша төсектер қосу жайын айтты. Яғни, 240 төсектік аурухана, әрі күніне 500 адам қабылдай алатын емхана етіп салу керек. Жөн пікірге Премьер-Министр ұйыды. Қаржы қарас­тырамыз деген. Сөзінде тұрды.
Алайда, құрылысты сапалы са­луды емес, алдымен оның үстінен жонып жеуді әдетке айналдырған құрылыс компаниялары дағдартты. Ке­йінірек ҚР Премьер-Ми­нис­трінің орынбасары Өмірзақ Ш­ө­кеев те арнайы келіп, шаңдарын сілікті.
Қолдан қолға ауысқан ғимарат­ты "Нури-Л-Жетісай” ЖШС аяқтады. Серіктестіктің директоры Мұрат Байтелиев пен орталықтың бас дәрігері Бағила Өтеулиеваның бастауымен араладық. Осыдан бес-алты жыл бұрын он екіде бір нұс­қа­сы жоқ орталық аурухана бү­гіндері ұзатылатын қыздай ма­лы­нып тұр. Қымбат әрі сапалы құрылыс материалдарымен.
Құрылыс құнынан бөлек 1 млрд. теңге медициналық құрал-жаб­­дықтарға бөлініпті. Ден­сау­лық­тың қадірін бір кісідей білетін, жақында ғана Қытайда ем-дом алып қайтқан Мұрат бауырымыз жетісайлық ауруханаға шетелдік мықты құрал-жабдықтар алуға өзі құмбыл екен. Медициналық ка­талогтарды ақтарып, бас дәрігер екеуі талай жаңа дүние әкеліпті. Өз жаңа үйіне мүлік алғандай әрқай­сы­сымен қуана таныстырып жүрген жігіт ағасының елге болсыншы деген ниеті қуантты.
Ертеректе қазақтар шала туған жұ­дырықтай нәрестені тұмаққа немесе бөрікке салып, жоғары іліп қоятынын әдебиеттерден оқып өстік. Су ішерлігі бар болса адам болып кетеді, әйтпесе, амал жоқ.
Қазіргі медицинаның мүмкіндігі ғажап. Төрт-бес айлық болса да қашан қатарына жеткенше бөле­не­тін бесігі бар. Ана құрсағында қалай жатады, сондағы керектің бә­рін алады. Атының Тұмақбай болуы да шарт емес.
Құдай бетін аулақ қылсын, кейде адам өртте қалып қояды. Бесік-төсек Шымкентте біреу ғана екен. Оның өзі ескі. Желдеткіші өзі­нікі емес. Ал жетісайлық бесік-кереует науқасқа ем алу үшін ең қолайлы қондырғы.
Сол сияқты ауыз судың тұздылығынан бүйрегі зардап ше­гетін, кіші дәреті жүрмейтін аурулар да көбейіп келеді. Шым­кент, бергісі Ташкент, әрісі Алматы асатын ағайынның пайдасына гемодиализ, яғни жасанды бүйрек аппараты сатып алынған.
Әрине, адамның ауырмағаны жақсы. Ал ауырған адам үшін жа­нына сеп, дауа өз ауданыңнан табылып жатса, қандай ғанибет.
Қондырғылар алған жақсы. Бірақ, соны қолдана алатын мамандардың жайы қандай?
Осы қаупімізді айтқанбыз.
Күдігімізді бас дәрігер се­йілтуге тырысты. Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Алматы мен Ас­танада дәрігерлері әзірліктен өтіп жатыр екен. Елге келгенде де қашан бастыққанша облыс­тағы білікті тәлімгерлер көмек­теседі.
Сол сапарда жаңа салынып жат­­қан мектептерді араладық. Жы­лысу ауылдық округінде және осыған қарасты С.Сей­фул­лин елді мекенінде жаңа мектеп құрылысы қызу жүріп жатыр екен.
Жылысу елді мекеніндегі атақты шипажайға ат басын бұрдық. Атақты партизан Қасым Қайсеновтің көзі тірісінде қайта-қайта келіп, ем алатын орны. Арасан суының құрамы күшті, буын аурулары, белсіз­дікке ем.
Жаңа "Жетісай” шипажайы бой көтерген. Қырық орындық. Бағасы да жаманға ұқсамайды. Бес мыңнан алпыс мың теңгеге дейін. Күніне. Араладық. Люкс бөлімі, аппартамент хан, патша түсердей сәнді. Саунасы мен бассейніне дейін әзір тұр.
– Салыстырмалы түрде қым­бат болғанымен, қызмет құ­нына татиды, – дейді ди­рек­торы Сәулеш Сатиева ханым. – Жұрт қонақ үйге де бір түн үшін жақсы ақы төлейді. Ал төрт мезгіл тамағы бар, емдік про­це­дуралары тегін шипажайдан пайда көп. Тамақтарды да ем алушылардың әрқайсысының қалауымен пісіреміз. Келген жұрт қымбат демейді.
Бәрі де денсаулық үшін ғой. "Ауырып ем іздегенше, ауыр­май­тындай жол ізде” дейді халық даналығы. Сексен жасқа тол­ған Мақтаарал өсіпті, то­лыпты. Медицина жағынан да. Облыста жоқ қондырғылары бар ор­талық ауруханасы тұр. Ар­занын іздесең арзаны, қым­ба­тына шамаң жетсе, құнына тұ­ратын шипажайы бар. Шетел бар­саң да көретін қызмет түр­лері өз ауданыңда бар. Ар­тық­тығы, артық ақшаң жаныңда қа­лады. Торқалы тойын тойлағалы отырған Мақтаарал келісті, ке­лелі би түсетін ордаға ай­на­лып­ты. Мұның бәрі Қазақстан әл­еуетінің қаншалықты арт­қан­дығының бір аудандағы мысалы ғана емес пе?!



 


Категория: Мектеп дәстүрі » Өлке тарихы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.